USD
USD
USD

Жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мың балаға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіледі

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Балалар интернет
Фото: pinterest.com

Алматы, NEGE. «Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттің қолдауына мұқтаж балалардың барлығына дер кезінде материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр ол үшін биыл 23 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделгенін атап өтті. Бұл кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.

«Өңір әкімдері осы жұмысты бақылауға алсын. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге 1 қыркүйекке дейін барлық оқушыны оқулықтардың толық жиынтығымен қамтамасыз етсін.

Мектептегі тамақтандыру сапасы балалардың денсаулығы мен дамуы үшін маңызды бағыт саналады. Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері тамақтандыру стандарттары мен санитариялық нормалардың сақталуына бақылауды күшейтуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Карин Құрылтай депутаттығына үміткер атанды

Ерлан Қарин

Әлеуметтік оптимизм басым: жалпыұлттық зерттеу нәтижесі жарияланды

әлеуметтік сауалнама

Оңтүстік Корея «цифрлық көшпенділерге» арналған визаны ресми түрде іске қосты

виза

Сарапшылар бір жылда доллар бағамы 520 теңгеге жетеді деп болжады

Сыртқы қарыз