Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңа Конституцияның бірінші жобасы таныстырылды

Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституцияның бірінші жобасы әзірленгені мәлім болды.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

«Конституцияның преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді ол.

Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

«Бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болды», – дейді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындау кезінде азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың соңғы 6 айда келіп түскен ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері мен ұсынымдары ескерілген.

Айта кетейік, бұған дейін Конституция мәтінінің 84%-ы өзгеретіні хабарланған еді. Комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілгенін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш