USD
USD
USD

Жаңа Конституция жобасында шығармашылық еркіндікке кепілдік беріледі

Конституциялық реформа шығармашылық еркіндік пен ғылыми дамудың жаңа құқықтық негізін қалайды.

балаева
Фото: Тікелей эфирден алынған скриншот

Астана. NEGE. Ата заңның жаңа жобасында мәдениет, шығармашылық, ғылым және білім салаларын дамытуға айрықша мән берілген. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Вице-премьердің айтуынша, құжатта тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға қатысты бұрын болмаған жаңа ұғымдар енгізіліп отыр. Бұл бастамалар ұлттық бірегейлікті күшейтіп, тарихи сабақтастықты сақтауға және ұлттық код пен мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған. 

«Мемлекет мәдени әралуандықты, ғылыми ізденісті және білімге негізделген дамуды стратегиялық басымдық ретінде айқындайды. Бұл нормалар ұлттық мәдениетті сақтау мен жаңғыртуға, озық ойлы ұлт қалыптастыруға, ғылым мен инновацияның дамуына берік құқықтық тірек болады деп есептеймін», — деді Аида Балаева.

Министрдің мәліметінше, жаңа Ата заң жобасында шығармашылық еркіндік те мазмұндық тұрғыдан нақты бекітіледі.

«Бұл ретте техникалық шығармашылықта, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылған жағдайда, шешуші рөл әрдайым адам ақыл-ойына тиесілі болып қала береді», — деді премьер-министрінің орынбасары.

Бұл норма ғылыми зерттеулерге, көркем шығармашылыққа және техникалық жаңашылдыққа бірдей қатысты.

Қазір оқып жатыр

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

ЛРТ

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

ТЖ

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.