USD
USD
USD

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

Қазақстанда жыл басынан бері мемлекеттік органдарға QazTech бірыңғай платформасынан тыс жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

комиссия
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Министрдің айтуынша, бүгінде бірыңғай QazTech платформасы толық іске қосылған. Осыған байланысты жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйелер енді осы платформадан бөлек әзірленбейді.

«Жыл басынан бері платформадан тыс жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді. 2027 жылдың соңына дейін орталық мемлекеттік органдардың негізгі ақпараттық жүйелерінің барлығын QazTech платформасына көшіру жоспарланған», – деді министр.

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, бұл шара мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріздендіруге және цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар министрлік eGov және eGov Business платформаларының жаңа буынын дамытып, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ассистенттер мен проактивті мемлекеттік қызмет көрсету тетіктерін енгізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық