USD
USD
USD

Жаңа әкім алматылықтарға үндеу жасады

Бүгін менің Алматының әкімі ретіндегі алғашқы жұмыс күнім Мемлекет басшысының қабылдауынан басталды, деп жазды Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дархан Сатыбалды
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламыздың болашағына қатысты бірқатар маңызды тапсырма жүктеді. Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу мен экономиканы әртараптандыру – алдағы жұмысымыздың басты бағыттары болмақ.

Құрметті алматылықтар!

Алматы – арман мен мүмкіндіктер мекені. Бұл шаһарға шынайы жанашырлықпен, тың серпінмен, нақты іспен қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп, тізе қосып еңбек етсек, ару қаламызды одан әрі көркейте аламыз.

Әсем Алматының әрбір көшесі мен әр тұрғыны үшін нақты өзгерістер жасау, аянбай қызмет ету – біздің басты міндетіміз! Кеше айтылған басым бағыттарды біртіндеп, кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырамыз!», – деді Дархан Сатыбалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда алаяқтық күдігімен Кореяның 14 азаматы ұсталды

алаяқтық

Энергетика министрлігі КҚК терминалында екі танкерге шабуыл жасалғанын растады

Nissos Sifnos

Алматы жүргізуші куәлігінен айыру туралы талап-арыздар саны бойынша көш бастады

жолдағы жылдамдық

Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?

дебат