USD
USD
USD

Жан Ахмадиев: Сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят па?

Жан Ахмадиев фейсбуктегі парақшасында әйелдер қауымына байланысты пікірін білдірді.

Жан Ахмадиев: Сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шынайы махаббатқа тек əйелдер қауымы сенеді. (Еркектердің идеологиясы) Ал, бізде сол баяғы сасық кеуде, керме көкірек. Мен де сондай едім. Жанболат деген жігітпен танысқалы бұл ойым 180 градусқа өзгерді. Неге дейсіздер ме? Себебі Жанболат сүйгені үшін соңғысын беретін бала. Біраз жыл бұрын бұл жігіттің жүріп жүрген сұлуы Фариза жол көлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалған еді. 7 күн "комада" болған Фаризаның айығып кететініне ешкім де сенбепті. Тек Жанболаттың жүрегінде ғана жалыны сөніп бара жатқан үкілі үміт қалған. Досымның тілегі Аллаға жетіп, Фариза өмірге қайта оралды. 5 мəрте ота жасалса да, Фариза Жанболатты 3 ай бойы танымапты. Оған да мойымаған досым қызметін тастап, ауруханада түнеді. Мойындау керек, сынақта сынбады, Фариза ауырса құлады, бірге жылады.  Міне, содан бері Жанболат пен Фаризаның жұбы жазылмай келе жатыр. Өткен жылы заңды некеге тұрып, той жасады. Айбар есімді ұлдары бар.


"Əууууу, жігіттер! Мойындайықшы, біз де үйдегі катынымызды сүйеміз (тек айтпаймыз). Бəріміз шынына келгенде жақсымыз. Тек үйде жақсы екенімізді көрсетуден арланамыз. "Ойбай подкаблук емеспін" деп намыстанып қоямыз. Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не? Жоқ! Əйелді сабау немесе оған себепсіз дауыс көтеру -- Вот намыссыздық деген. Бізді құртатын өзімшілдік. Əйеліміз ауырса, далаға қашамыз. Дəрі алатын ақшаны далаға шашамыз. Постаянно бір "косяк" істеп жүреміз. Олай етпей көрсек қалай болады екен өзі а...? Бір апта шыдап көрейік. Жаман болмаспыз. Жаман болып кетсең менің бетіме түкіріп кет!" - деп жазды Жан Ахмадиев.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп