Жамбылдық полицейлер волонтерлермен бірге қоян-қолтық жұмыс істемек

ған. Мұны статистикалық мәліметтер көрсетіп отыр. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады.
Алматы, NEGE. Жыл басынан бері облыс тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткендер туралы полицияға 43 арыз түскен. Қазіргі уақытта 31 адам табылып отыр. Оның ішінде жетеуі – кәмелет жасқа толмағандар.
Арманбек Баймурзиннің айтуынша, жоғалып кеткендерді іздеу – полицияның түрлі бөлімдерінің қызметкерлері ғана емес, волонтерлер де қатысатын, көп еңбекті қажет ететін процесс. Қоғам белсенділері тәртіп сақшыларымен бірге патруль жасап, жоғалғандардың араласатын ортасымен жұмыс істейді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады.
- Волонтерлік ұйымдар арасында «Lider.kz» қозғалысын ерекше атап өткім келеді. Ұйым мүшелерімен біздің қызметкерлер бірнеше жылдан бері тығыз байланыста. Жақында «Lider.kz»-тің жетекшісі Николай Чагай менің қабылдауымда болып, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, еріктілер мен кәсіпкерлер бірлесіп «Қауіпсіздік аралы» атты пилоттық жобаны іске асыруды ұсынды, - деп айтты Арманбек Баймурзин.
Ол үшін сауда орындарында жоғалған адамдарға арналған орын жасау қажет. Оған тұрғындар адасып қалған жандарды әкеледі немесе олар өздері келеді. Мұндай қауіп тобында, әсіресе, қарттар мен балалар бар. Полиция департаментінің бастығы бұл ұсынысты қолдады. Енді жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлескен жұмыс жүргізу қажет.
Сондай-ақ полиция генерал-майоры белсенді азаматтарға әрқашан ашық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды қолдауға дайын екенін атап өтті.