USD
USD
USD

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды іздестіріп жатыр

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды іздестіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

іздестіру шараларын үздіксіз жүргізіп жатыр.

Тараз, NEGE. Мәселен, тараздық полицейлер зират аумағынан қара түсті полиэтилен пакетін тапты. Нәтижесінде 2 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 17 патрон және бронежилеттің 1 темір қалқаны тәркіленді.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 4 тамызда бірлескен іс-қимыл барысында Жамбыл ауданының аумағынан ақ түсті полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінен Полиция департаментінен ұрланған 1 автомат, 1 қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылған.

2022 жылғы 8 тамызда облыс орталығы аумағында тас үйіндісінің астынан көк түсті қап табылып, оның ішіндегі 1 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді.

Сол күні жанармай құю бекетінің жанынан автомат табылды. Тиісті сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

2022 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 8 атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде үшеуі ­– тапанша, екеуі ­– автомат.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке
тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.