USD
USD
USD

Жамбылдық полицейлер есірткі өндіретін фитозертхананы анықтады

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Таразда есірткі өндіретін фитозертхананың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылдық полицейлер есірткі өндіретін фитозертхананы анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел ақпаратты іске асыру барысында Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары жүргізілді. Тексеру барысында бақшада көлік дөңгелегінен 4 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтады. Онда 2 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылды.

Арнайы операция барысында барлығы жалпы салмағы 2400 грамм каннабис өсімдігінің 6 бұтасы, жалпы салмағы 113 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

– Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы бап екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, – деді облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті