USD
USD
USD

Жамбылдық дәрігердің жазбасынан кейін әкім орынбасары мен бас дәрігер жазаланды

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған дәрігер инфекционисттің мәлімдемесінен кейін бірнеше лауазымды тұлға партиялық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Nur Otan баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz.

Жамбылдық дәрігердің жазбасынан кейін әкім орынбасары мен бас дәрігер жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізетін ұйым Меркі аудандық орталық ауруханасындағы тәртіпбұзушылықтарды қозғаған дәрігер Толқынай Ордабаеваның жазбасына назар аударған. Жағдайдан хабардар болған соң комиссия бірден тексеру жұмыстарын жүргізген. Партияның баспасөз қызметінде аталған фактілердің расталғанын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, медициналық мекеме басшылығы расымен де қызметкерлерін маска тігуге мәжбүрлеген, ал бұл медқызметкерлердің міндетіне кірмейді. Одан бөлек, жұмысшыларға тек маска емес, басқа да жеке қорғаныш құралдарын бермегені анықталды. Осы себеппен партиялық жауапкершілікке орталық аудандық аурухананың бас дәрігері м.а Данияр Нүсіпбеков пен аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым жауапқа тартылды. Аудандағы денсаулық сақтау мәселесіне дәл осы орынбасар жауапты. Одан бөлек, Nur Otan облыстық жергілікті басшылық пен облыстық денсаулық сақтау басқармасына тәртіпбұзушылықтардың жолы кесілу қажеттігін және өз жұмысын тиісті деңгейде орындау керектігін ескертті. Естеріңізге сала кетейік,бұған дейін Жамбылда коронавирус жұқтырған дәрігер бар былықты әшкерелеген болатын. Ол өзіне аурухана әкімшілігі тарапынан қысым көрсетілгенін айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті