USD
USD
USD

Жамбылдық азаматтан 8 келі марихуанна табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды.

Жамбылдық азаматтан 8 келі марихуанна табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын. Шара барысында Шу ауданының аумағындағы құмға жақын маңда орын тепкен Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Меркі ауылының тұрғынын ұстады.

«35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана «канабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев. – Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт