USD
USD
USD

«Жамбылдан – аманат» концерт-спектаклі өтті

  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлескен «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі өтті.

«Жамбылдан – аманат» концерт-спектаклі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.

Концерт-спектакль жасынан жыраулығымен танылған ақын, жыршы Сүйінбай Аронұлы мен оның шәкірті Жамбылдың кездесуінен басталып, Жамбылдың бала күнінен есейген шағына дейінгі өмірін бейнелейді.

Жамбылдың «Жамбылдың Айкүміспен айтысын», «Угәй-ай», «Алатау» әндері, «Қазақстан тойына», «Ақын болдым он үште», «Ленинградтық өренім» жырлары театр артистерінің орындауында көрерменге ұсынылды.

Жамбылдың  әндері мен жыр жолдарына құрылған жоба бір сәтке Жамбыл әлеміне енуге мүмкіндік берді.

Қойылымды Құрманғазы оркестрі жанды дыбыспен сүйемелдеді. Дирижер, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, Мемлекетік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. Режиссері – Данияр Базарқұлов. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы