USD
USD
USD

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандардың несиесі кешірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен олардың әйелдерінің қарызы кешірілгенін мәлімдеді.

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандардың несиесі кешірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сапарбаевтың айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысы әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданында жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдады.

"Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізген жұмыстарымыз нәтижесіз аяқталған жоқ. Төтенше оқиға салдарынан қаза болған азаматтардың – қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді", – деді Сапарбаев.

Ол жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан