USD
USD
USD

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаз табылды ма?

Қорғаныс министрлігі қыстың түскеніне байланысты Жамбыл облысындағы жарылыстар кезінде із-түссіз жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевты іздеуді тоқтатқан еді. Көктем басталысымен қорғаныс ведомствосы іздеу жұмыстарын қайта жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаз табылды ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстар кезінде хабарсыз кеткен әскери қызметші сержант Дауытбаев Бауыржан Талғатұлын іздеу қысқы мезгілде әскери бөлім аумағында тоқтатылды. Аумақты тазалау және із-түзсіз жоғалған әскери қызметшіні іздеу шаралары көктемнің келуімен қайта жалғасады", - деп жауап берді қорғаныс министрлігі.

Жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына мынадай көлемде өтемақы төленді:

- қаза тапқан әскери қызметшілерге біржолғы өтемақы (біржолғы тұрғын үй төлемі) – 60 960 000 теңге (5 адам);

- қаза тапқан әскери қызметшілерді жерлеуге кеткен шығындарды өтеу – 1 166 700 теңге (5 адам);

-әскери қызметшілер қайтыс болуына байланысты бес жылдық ақшалай жәрдемақы мөлшерінде біржолғы өтемақы – 52 417 800 теңге (5 адам).

"Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 36 әскери қызметкері мен 4 қызметкері зардап шекті. 6 адам қаза тапты, оның ішінде 5 әскери қызметкер және 1 азаматтық персонал өкілі. Іс-түссіз жоғалғандар тізімінде 1 әскери қызметші – сержант Дәуітбаев", - деп атап өтті министрлік.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық