USD
USD
USD

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған өрт сөндірушіге қатысты жаңа дерек шықты

Жамбылдағы жаралыс кезінде із-түзсіз жоғалған сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылған жоқ. 

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған өрт сөндірушіге қатысты жаңа дерек шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ол қаза болғандар қатарында жоқ, оқиға орнынан да қалдықтары табылмаған.

"Бұған дейін таудан іздедік. Енді елді-мекендерді аралап жүрміз. Себебі Бауыржанды ауылдан көрдік деген бірнеше адам бар.

Мәселен, бір әйел Бауыржанды дәмханадан көрген. Жақындап сұрағысы келгенде, әйелдің жанына ағасы келген. Ер адамды көргенде, күйеуім қашып кетіпті. Оның сөзіне қарағанда, Бауыржан ерлерден қорқады", - дейді Ділназ.

Айтуынша, бұл деректерді және әйелдің түсініктемесін полиция тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары мен туыстары айналаны іздегенімен, әзірге нәтижесіз. Өкінішке қарай, ауыл дәмханасында бейнебақылау камерасы болмаған. Бауыржанның әрі қарай қайда кетуі мүмкін екенін де ешкім білмейді. 

Бұдан өзге, Бауыржаннан хабар жоқ. Алайда жұбайы Ділназ күдерін үзбейді. 

"Қандай да бір ақпарат естісек, қуанып, полицияға жетіп барамыз. Бірақ ілік жоғалған соң, қайтадан ауыр күй кешемін", - дейді әйел. 

Айта кетейік, биыл 26 тамызда Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылды. Салдарынан 16 адам қаза тапты, ал Бауыржан Дәуітбаев із-түссіз жоғалып кетті. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank