USD
USD
USD

Жамбылдағы «жауапсыздар» тәртіптік жаза арқалады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде Тараз қаласының іргесіндегі Жасөркен аулына төтеннен түнделетіп тасқын су келген болатын. Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында осы мәселе қаралып, жауаптыларға тәртіптік жаза тағайындалды.

Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы

Жамбыл облысы, NEGE. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аппарат отырысында кеше түнде Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында болған оқиғада қызметтік міндетіне салғырт қараған, жағдайды бақылауда ұстамай, немқұрайдылық танытқан жауапты басшылардың салғырттығын сынап, оларды тәртіптік жазаға тарту қажеттігін тапсырды.

Жамбыл облысы
Фото: из открытых источников

Нақтылай түссек, аудандағы кез келген ахуалға басымен жауап беретін аудан басшысына қатаң сөгіс, аудан әкімінің сол салаға жауапты орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза ұсынылды. Ал Жасөркен ауылының әкіміне де қатаң сөгіс жарияланып отыр.

Біздің нақтылауымызша, тәртіптік жазаға тартылған тұлғалар «Бәрі ойдағыдай, бақылауда ұстап отырмыз, тасқыннан келер қауіп төніп тұрған жоқ» деген жалтарма жауаппен «жағдайды реттеп» отырған. «Ауруын жасырғанды өлім әшкерелейді» демекші, кешегі Жасөркен ауылындағы табиғаттың «тосынсыйы» толығымен болмаса да жартылай жауапсыздықтың салдарынан орын алды деуге әбден болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж