USD
USD
USD

Жамбылда Полиция ғимаратынан ұрланған қарудың жасырылған үш ірі орны анықталды

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеуге қатысты үздіксіз жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, кезекші тәулікте қару жасырылған үш ірі орын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда Полиция ғимаратынан ұрланған қарудың жасырылған үш ірі орны анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Тектұрмас” этнотарихи кешенінің аумағында жедел ақпаратты іске асыру барысында ПД ҰҚҚІҚБ және ЕҚҚІБ қызметкерлері ашық алаңнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қапшықтарды тапты.

Қапшықтардан қаңтар оқиғалары кезінде ПД ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі пулемет- тапанша, 20 мм калибрлі ТОЗ-120 бір ұңғылы тегіс оқпанды аңшы мылтығы, ТОЗ-63 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығының екі бірлігі, 4,5 мм калибрлі МР-654 пневматикалық тапаншасы, ИЖ-79 газ тапаншасы, РГД-5 қол гранатасы, АК-47 автоматының оқжатары, түрлі калибрлі 87 патрон және арнайы құралдар табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ Тараз қаласының ПБ-2 полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы көшелердің біріндегі қоқыс арасына жасырылған 16 калибрлі ИЖ-ЗК мылтығын, ТТ ЛИДЕР травматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 23 оқ-дәрі, АКСУ автоматының оқтамасын, полицей каскасын, оқ өтпейтін жилет, резеңке таяқша және полицей қалқаны табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта осы деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иелену, дайындау, беру, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.