USD
USD
USD

Жамбылда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 24 жастағы жүкті әйел босанды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. 

Жамбылда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында 24 мамыр күні коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Тараз қаласында 29 оқиға анықталды, оның ішінде 4 жастан 41 жасқа дейінгі 28 тұлға бар. Олардың бәрі бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар. Сондай-ақ, дерт 24 жастағы жүкті әйелден анықталды, ол 23 мамыр күні перзентханаға жатқызар алдындағы жоспарлы тексеруден өткен. Келіншек сол күні босанды. Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Сәбиді КВИ-ға тексеру жүргізілуде. Бұдан бөлек, Байзақ ауданының 1966, 2004, 2017 және 2018 жылы туған төрт тұрғынынан да инфекция анықталды. Ағымдағы жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 292 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың ішінен 171 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.