USD
USD
USD

Жамбылда есептегі 11 сотталған қайта бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жамбылда есептегі 11 сотталған қайта бас бостандығынан айырылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда есептегі 11 сотталған қайта бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Жамбыл. NEGE. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қаласы №1 пробация қызметі қоғамнан оқшаулаусыз жазаларды орындау бойынша қызметті жүзеге асырады. Қазіргі таңда пробация есебінде 212 сотталған тұр.

Пробация қызметкерлері сотталғандармен қылмыс жасау мен құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмау мақсатында оларға сотпен жүктелген міндеттер мен заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Сотталған сотпен жүктелген міндеттерді бұзған жағдайда, сондай-ақ заңды талаптарды тиісті дәрежеде орындамаса пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.

Осылайша пробация қызметі сотталған азаматтың өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, сот оған түзелу үшін мүмкіндік бергенін ескермей, сынақ мерзімінің талаптарын бұзуды және қайталап қылмыс жасауды жалғастыра беретіндігі фактілерін негіздейді.

Жыл басынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотқа бас бостандығынан айыру орындарына сотталғандарды қайтару үшін 11 материал жолданған.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино