USD
USD
USD

Жамбылда «Әжелер алқасы» құрылды

Жақында облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан «Әжелер алқасы» құрылған болатын.

Жамбылда «Әжелер алқасы» құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақсаты – әйелдер мен жас қыздарға, келіндерге халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың маңыздылығын түсіндіріп, оларды ұстану, бақытты отбасы құрудың құпияларымен бөлісу.

Бұл кеңес Әжелер мектебінің негізінде құрылды. Бүгінде олар жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде қоғамдық институттармен ынтымақтасуға дайын. Осыған айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуде әжелер алқасының рөлі зор екенін атап өтті. Өйткені, әжелер – халық даналығының сарқылмас қайнар көзі, өскелең ұрпақтың тәрбиешісі.

«Қазіргі таңда тастанды балалар, жастардың ажырасуы көбейіп кетті. Осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қою үшін әжелеріміз жас буын-өскелең ұрпақты тәрбиелеп, әрдайым ақыл-кеңестерін айтып отырса, тәрбиелі жастар, ибалы қыздарымыз көбейіп, Отбасы институтын нығайтуға зор әсер ететіні сөзсіз. Сіздерге алғысымыз шексіз. Сіздер сияқты аналарды көрген кезде ерекше қуанамын»,– деді аймақ басшысы «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесуде Бердібек Сапарбаев.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әйел-Қыздар» секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Гүлжан Серікқызы облыстың барлық қала және аудандарында әжелер алқасы құрылғанын хабарлады. Қазіргі таңда алқа құрамында 76 әже бар десек, бүгінге дейін олармен 7 кездесу, 11 іс-шара өткізілген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар