USD
USD
USD

Жамбылда 200-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді.

Жамбылда 200-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргіздіп, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 196 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Кәмелетке толмаған 3 баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 2 әкімші, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР Заңнамасын бұзғаны үшін 2 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 128 заңды өкілге әкімшілік хаттама жасалды»,-делінгенведомство хабарламасында. Апталық рейд барысында ІІО-да профилактикалық есепке 1 жасөспірім және 2 баласы бар 1 қолайсыз отбасы қойылды. КБО-ға қаңғыбастығы үшін 4 жасөспірім, 1 ата-ана құқығынан айырылған заңды өкіл орналастырылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін, оларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын, сондай-ақ түнгі уақытта көшеге немесе ойын-сауық орындарына жібермеу қажеттігін еске салады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес