USD
USD
USD

Жамбылда жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбылда жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 12 қарашада сағат 19:00 шамасында Алматы қаласы бағытындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатты. Көрші мемлекеттің жүргізушісі сәйкестендіруге кедергі келтіретін не оларды өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдана отырып, мемлекеттік нөмірін жасырған көлік құралын басқарған.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сотта ер адам өз кінәсін толығымен мойындады және болған жағдайға өкінетінін айтты.

Меркі аудандық сотының шешімімен ол бір тәулік мерзімге қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза алды. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті