Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды

Жамбылда жалған нөмірмен жол ережесін бұзып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Әкімшілік полиция қызметкерлері алтын түстес Toyota Camry автокөлігін анықтады, оның жүргізушісі бірнеше ай ішінде 2 миллион 457 мың 350 теңгеге 54 мәрте жылдамдық режимін бұзған.

Полицейлер 31 жастағы жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы әшкереледі.

Оған көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн орнатқаны және басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ол үшін жүргізушіге тағы 27 690 теңге айыппұл салынды және сот шешімімен 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушының автокөлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Айта кету керек, автокөліктің тіркелген өз нөмірінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі жоқ. 2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысында 22500-ден астам жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат