Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбылда 24,5 миллион теңгенің малын ұрлағандар сотталды

Жамбылда 24,5 миллион теңгенің малын ұрлаған топ басшысы 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Талас ауданы полиция бөліміне осы аудан тұрғындарының шаруа қожалықтарына тиесілі түйе, жылқы және сиыр малдарын ұрлау фактілері бойынша бірнеше арыз түскен. Прокуратураның үйлестіруімен облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы және Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өңірде мал ұрлығын кәсіп еткен топтың әрекеті әшкереленді.

Талас пен Мойынқұм аудандарының 42, 48, 33 және 30 жастағы бес тұрғыны алдын ала сөз байласу арқылы 2024 жылғы ақпаннан бастап бір жылдан астам уақыт бойы жайылымдардан 38 бас түйе, 16 бас жылқы және 1 бас сиырды заңсыз иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын — 24 млн 550 мың теңге.

Тергеу барысында ұрланған малдың басым бөлігі табылып, иелеріне қайтарылды. Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабымен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның үш сыбайласына 3 жылдан шартты түрде, біреуіне 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат