USD
USD
USD

Жамбыл жырлары мажар тілінде жарық көрді

 Халықаралық Түркі академиясында Мажарстан және Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жамбыл жырлары мажар тілінде жарық көрді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлы дала жыршысының 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көріп отырған «Жамбыл жырлары – Dzsambul muvei» жинағы қазақ-мажар тілдерінде салыстырмалы тәртіппен берілген өлеңдермен қатар, мазмұнды зерттеу мақалаларды да қамтыған. Жинақты құрастырып, баспаға әзірлеуге Хинаят Бабақұмар, Такач Ибойа сынды ғалымдар атсалысқанын айта кету керек.

таныстыру рәсіміне Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфай, сонымен қатар Мажарстан делегациясы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазір оқып жатыр

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы