USD
USD
USD

Жамбыл облыстық көші-қон департаментінің басшысы үйқамаққа алынды

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы тергеуден өтіп жатыр.

Жамбыл облыстық көші-қон департаментінің басшысы үйқамаққа алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 2 млн теңге пара алу күдігіне ілікті. «Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті