21 Шілде 17:19
...

Жамбыл облысының түлегі ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетті

Фото:

Биыл шекті балл жинаған түлектер саны 7 пайызға артқан. Биылғы ең жоғары нәтиже 139 балл. Қапалбаева Айым Алматқызы биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде 139 балл алып, Республика бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен түлек.

139 балл алған Айым Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аққия ауылында дүниеге келген. Бала кезінен қалыптасқан зеректігі мен білімге құштарлығы оны үлкен арман-мақсаттарға жетеледі. 2010 жылы Аққия бастауыш мектебін үздік аяқтап, 2015 жылдан бастап Жамбыл атындағы орта мектебінде білім жолын жалғасытрған.

Айым туралы ұстаздары мен сыныптастары тек жақсы мінездеме айтады. Ол өз ортасында беделді, озат оқушылардың бірі. 

"Сырлы мінезді сыпайы бойжеткен оқу барысында тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар, спорттық іс-шараларды да қатар алып жүрген. Біліктілігін үнемі жетілдіріп, ізденісін тоқтатпаған алғыр қыздың оқу орнында білім деңгейі жоғары болды. Мектеп қабырғаларында берілген тапсырмаларды үнемі тиянақты орындайтын Айымның еңбегі бүгінде өз жемісін берді", - дейді ұстаздары. 

Ол ҰБТ-ға жайындық кезінде тек жоғары нәтиже көрсетіп келген. Мектепті озат аяқтасам деген талпынысының арқасында шешуші сынақтан да жоғары баллмен шығып, үздіктердің қатарынан көрінді. 

Еске сала кетейік, елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырдан бастап 5 шілдеге дейін өтті. Тестілеуге жалпы саны 290 мыңнан астам өтініш келді. Оның ішінде бірінші мүмкіндікті пайдалануға 160 мың өтініш, екінші мүмкіндікті қолдануға 130 мың өтініш түскен.

Биылғы жылдың  21 – 30 маусым аралығында Жамбыл облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.  Биыл облыс бойынша 9 171 оқушы мектеп бтіріп, оның 7181-і (78,3%) ҰБТ тапсырды. Облыста ҰБТ 10 тестілеу пунктінде өтті.

Биылғы жылы мектептерде IV тоқсан қашықтықтан өткізілгеніне байланысты түлектерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған болатын.

Тегтер: