Жамбыл облысының әкімі халықпен кездесті

ның «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы қалай жүзеге асуда? Отандық БАҚ-та талқыға түсетін тақырыптың бірі осы. «Облыс әкімдері халықпен кездесіпті» десе, соған ілесе бір шулы мәселе шығатын. Жаңа Қазақстанда оның ізі байқалмайды. Әкімдер халықпен кездесуде әбден шебер болып алғандай. Жуырда Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.
Алматы, NEGE. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, тарқасты. Басқосуда облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де болды.
Тамды ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындарды жиған өңір басшысы тұрғындарға жылы әсер қалдырғанға ұқсайды. Әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан жағымды пікірді жиі кездестірдік.
Жиында Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров жыл басынан бері ауылда іске асқан ілкімді жобалар жайында, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Әрине атқарылған істі көрсеткен де дұрыс, дегенмен, ендігі меже басшылар назарынан шығып қалмағаны жөн. Ауылдарда қордаланып жатқан мәселе шаш етектен. Тұрғындар соны облыс басшысына айтып, мәселенің шешімін табу жайлы өтініштерін жеткізіп қалды.
Ауыл халқының негізгі еңбегі шаруашылық болғасын талай жылдан бері тұралап қалған су каналын жөндеуден өткізу жайы күн тәртібіне шықты. Одан өзге жол мәселесі, спорттық алаңқайлар мен балабақшаға қажеттілік бары айтылды.
Облыс әкімі барлық сұрақтарға жауап бере отырып, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен орындалатынын баса айтты.
«Әр отбасының тұрақты табысы болуы шарт. Ол үшін ауылдықтар мейлінше мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын сезінуі тиіс. Мысалы ауданда 85 шаруа қожалығы болса, соның 12-сі ғана субсидия алып отыр. Осындайда неге шаруалардың 50 пайызы субсидияның мүмкіндігін заң жүзінде барынша пайдаланбайды деген сауал туады. Сол секілді кәсіпкерлік саласында да жеңілдіктер жетерлік» , – деді Нұржан Нұржігітов.
Бұл күні облыс әкімі Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде қала халқымен кездесті. Мұнда да алдымен қала әкімі Дархан Байбетов атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.
Жиында қала тұрғындары көгілдір отын, саяжайларға ауыз су тарту, көпқабатты үйлерді жөндеуден өткізу, қоқыстарды тазалау туралы мәселелерді көтерді.
Басқосулар қорытындысымен көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.