USD
USD
USD

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылады. Бұл құрам кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхатынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай