USD
USD
USD

Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскерге жақында келген сарбаз атыс шығарды

Жамбыл облысындағы шекара заставасында 2003 жылғы мерзімді әскери қызметші кезекшіге дене күшін қолданып, қару-жарақ сақтау бөлмесінің кілтін иемденіп, 2 дана АК-74 автоматы 4 дана жарақтандырылған винтовкасын алып, бөлімшеге барған.

Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскерге жақында келген сарбаз атыс шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бөлімшенің аумағында оқ жаудыра бастаған. 

Оқиға Жуалы ауданында 18 желтоқсанға қараған түні болған. Түнгі сағат үштер шамасында атыс дыбысын жақын маңдағы Алатау ауылының тұрғындары естіген. Олар дабыл қаққан.

Сарбаздың бұл әрекетіне заставадағы әлімжеттік себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. 

Шын мәнінде не болғаны белгісіз. Ведомство бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді. 

Сарбаз қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Аталған факт бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қалалық басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады", - делінген әскери прокуратураның хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова