USD
USD
USD

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасын саперлер тексеріп жатыр

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өрттен зардап шеккен Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасының аумағын қарап шықты.

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасын саперлер тексеріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнында ол Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кеңес өткізді.

«Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуге бағытталған. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда», делінген хабарламада.

Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков