USD
USD
USD

Жамбыл облысындағы дауыл салдарынан зардап шеккендер саны белгілі болды

Қолайсыз ауа райы салдарынан Жамбыл облысында 49 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы дауыл салдарынан зардап шеккендер саны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, Тараз қалалық ауруханасына 41 науқас түскен. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілген.

Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған, оның үшеуі емделуге қалып, біреуі амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді, делінген хабарламада.

Медициналық көмек алу үшін Байзақов аудандық ауруханасына да төрт адам жүгінген: біреуі ауруханаға жатқызылды, үшеуі дәрігерлер бақылауымен үйіне шығарылған.

"Көмекке жүгінген науқастардың көпшілігінің басы, қолы мен аяғы көгерген. Сонымен қатар терезе мен қоршаулар құлап, салдарынан басқа да жарақат алғандар бар", - деді ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе