USD
USD
USD

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс болды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс болды. Ресми ақпаратты ҚР қорғаныс министрлігі таратты, деп хабарлайды nege.kz сайты. 
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 6 жарылыс болды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Бүгін Жамбыл облысындағы әкери бөлім қоймаларының бірінде сағат шамамен 19:00-де өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы мен өртті сөндіруге арналған шынжырлы арнаулы техникасы, сонымен қатар Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру топтары жұмылдырылған. Қоймада негізінен инженерлік оқ-дәрі сақталған және олар алыс қашықтыққа ұшпайды. Жалпы 6 жарылыс орын алды», - деп хабарлады министрліктен.
Ведомство мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әскери бөлімге жақын үйлердің адамдары қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы ақпарат бар. Оның 10-ы әскери қызметші. 
 
Оқиға орнына Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген Әскери әуе күштерінің әскери-техникалық авиация борты ұшып кетті.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев