USD
USD
USD

Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды

Жамбыл облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды
Фото: NEGE.kz

Жамбыл, NEGE.  Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолының 6-шақырымында Audi-B4 маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына бағыт алып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2104 маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында көз жұмып, 6 адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.

 

Қазір оқып жатыр

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер