USD
USD
USD

Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылды

Он сегіз жасар сарбаз Ұлықбек Бердішевтің Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әскери базадан жоғалып кеткендігі туралы хабар 2 наурызда таралды. Оның денесі Қырғызстаннан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Cарбазды соңғы рет оның қаруласы көрген. Жас жауынгер екінші наурыз күні екілер шамасында ат қораны тазалауға шыққан екен. Кейін сарбаздар сапқа шақырылғанда арасында Ұлықбек жоқ болған. Дереу дабыл қағылып, туыстарына хабар берілген. Содан бері одан еш хабар болмады.

Бүгін журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылғанын жариялады.

"Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді", – деп жазды журналист.

Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян