USD
USD
USD

Жамбыл облысында жыл басынан бері 9 бала терезеден құлап кеткен

Жамбылда жыл басынан бері 9 бүлдіршін терезеден құлап кеткен. 

Жамбыл облысында жыл басынан бері 9 бала терезеден құлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биылғы бес айда Тараз қаласы мен Жамбыл облысы аумағында осындай 9 оқыс оқиға тіркелген. Былтыр осы уақыт аралығында екі жағдай ғана болғанын атап өткен жөн. Оның ішінде 8 бала ауыр жарақат алды, бір жеткіншек көз жұмған. Зардап шеккендердің жасы - 2-ден 17 жасқа дейін. «Кішкентай балалар масадан қорғайтын торға сүйеніп, ересектердің қарауынсыз қалған кезде құласа, 13-17 жастағы жасөспірімдер өз қауіпсіздігіне немқұрайды қарап, биіктен секіріп жатады. Бозбалалар арасында иесіз ғимараттардың төбесінен секіріп, балконнан балконға көтерілу қайтадан сәнге айналды. Бірақ жастар қанаты жоқ екенін түсінуі керек» деп ескертеді құтқарушылар.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт