USD
USD
USD

Жамбыл облысында «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған

Жамбыл облысында "Жас маман" жобасына бөлінген 171 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында «Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады», - делінген хабарламада.

ҚМА департаментінде нақталағандай, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шарасы, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу