USD
USD
USD

Жамбыл облысында зардап шеккен бір топ Өзбекстан азаматы отанына аттанды

Өзбекстанға түнде Жуалы ауданынан Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ құрамымен сегіз жедел медициналық жәрдем көлігі және бір VAN Hool маркалы жолаушылар автобусы жолға шықты.

Жамбыл облысында зардап шеккен бір топ Өзбекстан азаматы отанына аттанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобуста 13 зардап шегуші, уақытша орналастыру пунктінде болған тағы жеті адам және екі адамның денесі бар.

Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және төтенше жағдайға жұмылдырылған өзге қызметтерге өз отандастарын құтқарғаны үшін алғыс білдірді. Сағат 7:15-те көліктер колонна Қазақстан шекарасын кесіп өтті.

Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде 1980-ші және 1965 жылғы Өзбекстанның екі азаматы жатыр.

12 мамырда сағат 15: 46-да Жамбыл облысының Жуалы ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 571 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, 16 адам түрлі жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Автобуста барлығы 51 адам болған, оның ішінде 46-сы Өзбекстан азаматы. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Мәдениет үйі базасында ыстық тамақпен қамсыздандыруда эвакуациялық пункт ұйымдастырылды, онда 32 адам орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді