USD
USD
USD

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты.

Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлік ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылды.

Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болды. Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны болып табылатын 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталуда.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев