USD
USD
USD

Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті

Жамбыл облысында туыстары өрт сөндіруге кетіп, сол күйі оралмаған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздестіруде. Бұған қоса, әлеуметтік желіде тағы жоғалып кеткен екі өрт сөндірушінің суреті таралды.

Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бауыржан Дәуітбаевтың қарындасының сөзінше, ер азамат бір күннен бері байланысқа шықпай жатыр. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалған. Ең кішісінің жасы бесте көрінеді. 

“Кеше біз оның үйіне қонаққа келгенбіз, сөйтсек ол өрт сөндіруге кетіп қалыпты. Сол кеткелі оралмады. Телефоны сөндірулі. Әйелінің айтуынша, ағамды кешкі сағат 6-7 шамасында шақыртып алған”, – дейді жоғалып кеткен құтқарушының қарындасы Айкен Жайылғанова.

Әлеуметтік желіде тағы екі өрт сөндіруші – Әліби Бексұлтанұлы мен Әділет Әділбековтың суреттері таралды. Желідегі жазбаға сәйкес, олар да тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылыдырлыған. Алайда өрт сөндірушілерден сол күйі хабар жоқ. 

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев