USD
USD
USD

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты  төтенше жағдай жарияланды.

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жамбыл облысында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Республикалық маңызы бар тас жол жабылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника мен 103 адам (төтенше жағдайлар қызметі, әскери қызметкерлер) жұмылдырылды. 14 желтоқсан күні сағат 23:00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелері Қордай ауданындағы 6 жылу пунктінде (Қайнар-1 ауылы, Алға-1 ауылы, Қордай-3 ауылы, Кенен-1 ауылы) орналасқан 1279 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді. Жолда қар құрсауында қалып қойған көлік көп.

«Шу ауданында қатты жел мен қардың салдарынан электр желілері үзіліп, тірек бағаналары құлады. Төтенше жағдайға байланысты Шу Отар учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адам бар. 12 жүк пойызы тоқтап тұр. Облыстың 4 ауданындағы 32 елді мекенде 8882 абонент жарықсыз қалды. Қазір желдің екпіні секундына 45 метрге жетеді. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, алдағы күндерде де жел күшейеді.. Дүрбелеңге бой алдырмауларыңызды және тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз», - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар