USD
USD
USD

Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қалпына келді

Жамбыл облысында Шығанақ-Шу учаскесінің Қияхты-Хантау аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қалпына келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін, 27 қараша күні сағат 9:07-де Жамбыл облысының Шығанақ-Шу учаскесіндегі Қияхты-Хантау аралығында байланыс желісінде кернеудің болмауына байланысты жолаушылар пойыздары жолда тоқтатылды.

Бұған дейін бұл учаскеде қатты жел (20 м/с дейін) жүк пойызындағы бос контейнерді жұлып әкеткен болатын. Құлаған кезде контейнер байланыс желісінің тірегіне зақым келтірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға бес жолаушы мен бес жүк пойызының кідірісіне әкелді. Тоқтатылған пойыздар жолаушылары оқиға туралы хабардар етілді. Оқиға салдарын жою үшін Шу станциясының жөндеу бригадасы жіберілді. Сағат 13:38-де пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.