USD
USD
USD

Жамбыл облысында тас жолдардан 326 адам құтқарылды

Жыл сайын Жамбыл облысының құтқарушылары қар басқан жолдарда қалып қойған азаматтарды құтқарады. Автокөлік иелері ауа райы туралы ескерту хабарламаларын елемейді, нәтижесінде құтқарушылардың көмегіне жүгінеді, деп хабарлады Төтеншеліктер. 

Жамбыл облысында тас жолдардан 326 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен тәулікте 3 қаңтар күні сағат 10.15-тен 4 қаңтар таңғы 5:00-ге дейін Жуалы, Сарысу және Қордай аудандарының өрт сөндіруші-құтқарушылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде 326 адамды құтқарып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді,олардың ішінде 72-і балалар.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері құтқарушыларының жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді. 

Есесіне,  құтқарылған азаматтардың арасында осындай қиын жағдайда дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс білдірген азаматтар да болды. 

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға үйден шығарда келіп түскен хабарламаларға жіті назар аударып, өздерімен бірге әрдайым жылы заттарды бірге алып жүруге шақырамыз. ТЖ немесе көмек көрсету қажет болған жағдайда шұғыл түрде "112" нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.