USD
USD
USD

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында жол жиегінен қару-жарақ тапты.

Полицейлер 16 калибрлі ИЖ тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 6,62 калибрлі Байкал газ тапаншасын, 6 патрон тәркіледі.

– Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары