USD
USD
USD

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды

Жамбыл облысында ҰҚК шекара қызметінің офицері қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу.

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - 27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Азат Үмбетұлының қайтыс болғаны анықталды, - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствода нақтылағандай, өлімнің алдын ала себебі - миға қан құйылу.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт