USD
USD
USD

Жамбыл облысында психикалық денсаулық орталығының емделушісі мекемені «миналаған»

Жамбыл облысында жарылғыш туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында психикалық денсаулық орталығының емделушісі мекемені «миналаған»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 желтоқсанда “102” тетігіне Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ғимаратында жарылғыш құрылғы бар деген хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға жедел келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер осы мекемеде мәжбүрлі түрде емделіп жатқан облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Оның айтуынша, осылайша орталықтан қашуды жоспарлаған. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық