USD
USD
USD

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсаған сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсаған сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни "Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы" бойынша қолға алынғаны анықталды.

19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсау болжамына сенбейді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті