Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбыл облысында мұздың астына түсіп кеткен екі бала мерт болды

28 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында тоғыз және алты жасар екі бала ойнап жүріп, суару каналында мұздың астына құлап көз жұмды.

Жамбыл облысында мұздың астына түсіп кеткен екі бала мерт болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың денесін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі тереңдігі 3 метр судан шығарды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Аяз басталысымен су біртіндеп мұзға айнала бастайды. Алайда алғаш қата бастаған мұзға балалар мен жасөспірімдер барып, жиі ойнайтыны жасырын емес. Ал жұқа мұз өте қауіпті.

«Құрметті ересектер қауымы! Балаларыңызға абай болыңыздар! Мұз қатқан судың қаупі туралы балаларыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Балалардың бақылаусыз қалуына жол бермеңіздер. Су қоймасында ойнауына жол бермеңіздер. Оларды қараусыз қалдыру орны толмас өкінішке алып келуі ықтимал» деп ескертті министрліктен.

Қазір оқып жатыр

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Электр жарығы