USD
USD
USD

Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз соңғы рет анасымен сөйлескен

Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне-өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Астана арнасы.

Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз соңғы рет анасымен сөйлескен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайтыс болардан екі сағат бұрын сарбаз анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда ұйқыдан жаңа тұрып жатқанын айтқан.

Туыстарының айтуынша, ол қайтыс болардан бірер күн бұрын туыстары мен достарына хабарласып, қомақты қаржы сұраған. 

- Ақша сұратуына қарағанда, ар жағында қысымшылық болған. 17-нен бастап сұрапты. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған.. Өзі пысық бала болатын. Ортасының алды болатын. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз, - дейді марқұмның ағасы Қанат Қожахметов.

Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендер жазалануын талап етеді.

Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер «соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін» деген болатын.

Қаралы жиынға келген сүйіктісі мұны елдің алдында жоққа шығарып, сарбаздың хабарламасын оқып берді. Марқұм Бекбол Мираш қатты қорқып жүргенінін жазыпты.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры