USD
USD
USD

Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас бухгалтеріне қатысты үкім шықты

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК бас бухгалтерінің 7 миллион теңге жымқыру фактісін анықтады.

Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас бухгалтеріне қатысты үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аудан прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК қызметіне бюджет қаражатын жұмсау мәселесіне талдау жүргізді. 

Талдау барысында кәсіпорынның бас бухгалтері төлем тапсырмаларымен КМК-ның бюджет қаражатын өзінің карточкалық шоттарына аударғаны анықталды. 

Бұл ретте, өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер ретінде төлемнің мақсатын көрсеткен. 

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін тапсырылды. 

Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Аудандық соттың 23.06.2023 жылғы үкімімен кәсіпорынның бас бухгалтері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Заңсыз аударылған ақша мемлекетке толық көлемде қайтарылды. 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net